Жеңілдетілген несиемен көлік алмақ болған астаналық оңбай алданды

12 Қаңтар, 19:35 2467

Астана тұрғыны жеңілдетілген несиемен көлік аламын деп сан соғып қалды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы көлік әперуге уәде етіп, ол қызметі үшін 1 млн теңге алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

33 жастағы елорда тұрғыны ақшаны алған соң уәдесін орындамаған. Ер адам алты ай бойы сенгіш әйелді алдаусыратып, тез әрі жеңілдетілген несиеге көлік алуға көмектесемін деп сендіріп келген. Арада біраз уақыт өткен соң жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласқан.

Оқи отырыңыз: 

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. 
Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: