Жеңілдетілген автонесиелеу: бағдарламаға кімдер қатыса алмайды?

3 Мамыр 2023, 11:41 988

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда автонесиелеу бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, алғашқы кезеңдегі автонесиеден айтарлықтай өзгеріс жоқ. Дегенмен бірқатар толықтыру бар.

Ең алдымен, біз жалақының шекті мөлшерін белгілейміз. Жалақысы шекті мөлшерден жоғары азаматтар бағдарламаға қатыса алмайды. Несиені төлей алатынын растау үшін азаматтарда кем дегенде 10-15 пайыз алғашқы жарна болуы керек деп есептейміз, - деді министр.

Жеке көлігі бар азаматтар да жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатыса алмайтынын атап өтті.

Бағдарлама әлі де қарастырылып жатыр. 15 мамыр күні нақты шешімі шығатынын айтты.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының бірінші кезеңіне қатысқан азаматтар қайта екінші кезеңге қатыса алмайды. Көлігі бар азаматтар да қатыспайды. Сондай-ақ осыған дейін несие алғандардың жалақысын зерттеп, зерделейтін боламыз, - деді Марат Қарабаев.

Бұған дейін аталған бағдарлама қашан басталатынын және оған кімдер қатыса алатынын жазғанбыз.

Миражан Махан
Бөлісу: