Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

2 Наурыз 2023, 21:39 1087

Qazaqstan (Астана) жеңіл атлетика спорт кешенінде жабық алаңда жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа 19 өңірден 416 спортшы қатысады.

Медальдар 17 пән бойынша ойнатылады. Турнир 4 наурызға дейін жалғасады. 

EL.KZ
Бөлісу: