Жемқорлық жасаған сот төрағасы 3 жылға сотталды

3 Наурыз 2023, 09:46 1087

Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Антикорға сілтеме жасап.

Сондай-ақ А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

"Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды", алынды делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: