Желтоқсанда аталып өтетін Аналар күнінің екі ғасырдан астам тарихы бар

26 Желтоқсан 2019, 11:36 3063

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Қай заманда болмасын, қай ұлт өкілі болмасын, ананы ерекше құрметтеген. Соған дәлел – казак халқының «Аналар күнін» кең көлемде атап өтуі.

Екі ғасырдан астам тарихы бар бұл мереке желтоқсан айында «Введение во храм Пресвятой Богородицы» атты діни мереке қарсаңында тойланады. Бұл күні аналарға ерекше құрмет көрсетіліп, ән мен биден шашу шашылады.

Өскемендегі Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы жанындағы казак этномәдени бірлестігі ұйымдастырған мерекеге көрермендер көп келіп, зал лық толы болды.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктер, қоғам қайраткерлері және өңірде тұрып жатқан казак ұлтының өкілдері қатысты. Облыс аудандарынан жиналған өнерпаздар ұлттық әндер айтып, шығармашылық би ұжымдарының бишілері мың бұрала би биледі.

Барлық ән шашу «Анаға» арналып, ақын-жазушылар осы тақырыпта қалам тербеген өлең шумақтарын тебірене оқыды. Казак халқының тарихи дастандарынан үзінді оқылып, «Ана» бейнесі мен тұлғасы жан-жақты ашыла түсті.

Бөлісу: