Қайырымды жандардың арқасында көше тазалаушы 65 жастағы Айсәуле апаның өмірі күрт өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зейнеткердің оқиғасы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Бір апта ішінде Айсәуле апаның несиелері толығымен жабылды, қайырымдылық қорынан сыйлық ретінде жаңа үй берілді.
Күні кеше зейнеткер отбасымен бірге Алғабас ауданындағы сыйға тартылған жаңа үйге көшті. Айсәуле апа бұдан былай жұмыс істемейтінін, несие алмайтынына уәде берді.
Айта кетейік, Алматы көшелерінің бірінде тазалық бригадасымен көше тазалап жүрген зейнеткердің видеосы Tiktok желісінде тараған еді. Видеодан зейнеткердің аяғы ауыратынын, жұмысты қиналып атқарып жүргенін көруге болады.