Желіде АҚШ-тағы мінберден сөз сөйлеген қазақ қызының видеосы тарады

12 Маусым, 14:40 11511

Әлеуметтік желіде Нью-Йорк әскери академиясындағы салтанатты диплом табыстау рәсімінде мінберден сөйлеген қазақ қызының видеосы тарады. Ол видеоны танымал блогер, фотограф Аркен Аван өзінің TikTok желісіне жүктеген болатын, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

18 жастағы Малика – Нью-Йорктегі әскери академияның кадеті. Әскери мамандықта оқып жүргеніне 2 жыл болды. Аталмыш іс-шараға академиядағы ең үздік кадет ретінде шақырылған екен.

Блогер басқа түлектің диплом табыстау рәсімін түсіруге барған-тын. Салтанатты шара барысында әскери сапты бастап келе жатқан қазақтың қаракөз қызын көріп, таңқалысын жасыра алмайды.

Мінберден сөз сөйлеген қыз ата-анасына алғысын ана тілінде жеткізіп, өзінің қазақстандық екенін мақтанышпен айтып өтеді. Түлектерді қазақ, ағылшын, неміс тілдерінде құттықтай отырып, өзін көп тіл білетін тілмар ретінде танытады.

Есімім Малика. Туған жерім – Қазақстан. Америкадан 1000 шақырым қашықтықта орналасқан ел. Басқаша айтқанда, осы жерден жаяу жүрсеңіз, бір емес, үш түрлі аяқ-киім ауыстыруға тура келеді дер едім. АҚШ-қа 2022 жылы 26 тамызда үстел теннисінің спортшысы ретінде шақырту алдым. Содан бері Америкадағы жекеменшік мектеп-интернатының оқушысымын,-деді ол.

Желі қолданушылары студент қызға разы болып, жылы-лебіздерін аямады.

«Жарайсың, Малика!», «Қазақ қызын көріп бір марқайып қалдық», «Қазақ – өте ақылды, батыр халық», «Өмірге, білімге талпынған қазақтың баласы осындай болсын!», «Бақытты бол, айналайын!», «Жолың болсын, алтыным!» - деп жарыса жазды оқырмандар.

@arkenavan Это было неожиданно 🇰🇿🇺🇸 Увидел казашку на выпускном в Военной Академии Нью Йорка, когда пришел снимать на заказ другого мальчика. Когда они шли к вручению, впереди шла девушка которая оказалось родом из Казахстана. Скоро будет короткое иньервью с ней, не пропустите #казахи #казашка #казахи #америка #казахстан #гринкарта #ньюйорк #уйгур #узбек #кыргыз ♬ original sound - Аркен Аван в Нью Йорке 🇺🇸

Айнұр Оспанова
Бөлісу: