Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

20 Қараша 2022, 07:03 1029

Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстікте, шығыста желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі

Қазгидромет 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, солтүстікте, шығыста қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстікте, шығыста желдің күшеюі, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

EL.KZ
Бөлісу: