Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жаңбыр жауады

22 Қазан 2023, 08:30 646

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 22-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республикамыздың басым бөлігінде Самара аудандарынан келген белсенді циклонның өтуіне байланысты күн құбылмалы болады.

Батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде көктайғақ болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: