Жеке тұлғалардың банкроттығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?

31 Қазан 2023, 12:50 2507

Жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр. Осыған байланысты вице-министрдің халықтың өтініш-тілектерін ескеріп, заңға өзгеріс енгізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмаудың басты себептерінің бірі - кредитормен қарызды алдын-ала реттеу міндеттілігі, шетелге шығуға тыйым және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі кезінде ұзақ уақытқа төлем мерзімінің өтуіне байланысты. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың дерекқорларындағы мәліметтердің өзектілігінің болмауына байланысты (дерекқорлардағы мәліметтердің толықтығы мен «тазалығы» үшін жауапты олардың иелері – мемлекеттік органдар болады) қолдана алмау фактілері де бар.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, заңға өзгеріс енгізіледі.

«Осыған байланысты бүгінгі таңда заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

1) соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту (сондай-ақ уәкілетті органның лицензияларынан айырылған, оның ішінде таратылған қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қосу);
2) азаматтарды соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттарды қоса беру міндетінен босату (қажетті мәліметтерді тиісті ұйымдардың дерекқорынан алу жоспарлануда);
3) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау (қолданыстағы нормаларға сәйкес тыйым жоспарды орындаудың барлық кезеңіне – 5 жылға белгіленген)», - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: