Жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары тексеріледі

11 Наурыз, 14:40 802

Қазір елімізде 1 миллион 400 мың жеке кәсіпкер бар. Оның басым бөлігі салық төлемейді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Вице-министр Ержан Біртанов мыңдаған жеке кәсіпкер салық төлеуден қашып жүгенін айтты.

Мәселен, ресми тіркелген шағын кәсіпкерлердің 944 мыңы есебін нөлдік көрсеткішпен тапсырады. Бұл кәсіптің 67 % табысын жасырып отыр, - дейді вице-министр.

Ұлттық банктің мәліметінше, банк карточкасы арқылы 55 триллион теңге аударылған, ал мобильді аударымдар айналымы 80 триллионнан асып жығылады. Бұл жергілікті бюджет шығынға ұшырап отырғандығының көрсеткіші.

Бұл қаржыдан бюджетке шамамен 1,5 триллион теңге түсуі керек.

Біз тек қана бизнес өкілдерін қорғай бермейік. Халыққа да қызмет керек. Балалар жарық, жылы мектепте оқуы керек. Халық жақсы ем алуы керек, – деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біртанов.

Ол егер жеке кәсіпкерлер осы 80 триллион теңгеден салық төлемесе, олардың жағдайы қиынырақ болатынын айтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: