Жедел жәрдем жүргізушілері таяқ жеп қалмас үшін спортпен шұғылдана бастады

31 Қаңтар, 09:53 1234

Қарағандыдағы оқиғадан соң әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушілерінің видеосы таралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланғаны белгілі. Енді жедел жәрдем жүргізушілері де бос отырмай, шынығуды бастаған.

"Отырмайтын болдық", - деп жазылған бейнежазбада жүргізушінің жүгіріп, қолын сермеп, спортпен шұғылданып жүргенін көруге болады.

Айта кетейік, жедел жәрдем қызметкерінің соққыға жығылуы бірінші рет емес. Жаз айында Түркістан облысында жол бермегені үшін жүргізушіні ұрып кеткен еді.

@mariokz103

 

♬ оригинальный звук - chagaev4x20

 

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: