16 Сәуір 2015, 04:58
Жеңіс символының отандық нұсқасы көк түсті жібек матадан дайындалған. Оның ұзындығы – 30, ал ені 3 см. Ұлттық оюмен көмкерілген лентаның екі шетінде Отан соғысының ордені бейнеленген. Сондай-ақ, оған арнайы белгі бекітілген. Белгіде «Георгий лентасы» бейнеленіп, «9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар» деген жазу жазылған.
Әзірге мұндай ленталардың қанша көлемде дайындалып, нақты қашан таратылатыны белгісіз. Кейбір деректерде 9 мамыр қарсаңында таратылатыны айтылған. Соғыс ардагерлерінің кеуделеріне де осындай ленталар тағылмақ.
Айта кетейік, осыған дейін Өскемен қаласының әкімдігі ұлттық нақыштағы жеңіс лентасын дайындауды ұсынған болатын. Қала әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинованың айтуынша, әкімдік мамыр айындағы мереке күндері қызғылт-қара түсті лентаның орнына ұлттың рухын оятатын төл туындыны таратқысы келген.