Екі банк жеңілдетілген автокредитке өтінім қабылдап жатыр

22 Маусым 2022, 01:20 916

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша екі банкке кезекті транш бөлінді, деп хабарлайды El.kz сайты "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлінген лимит мөлшері:

"Еуразиялық банк" АҚ – 10 млрд теңге;

"Қазақстан Халық банкі" АҚ – 7,5 млрд теңге.

Осылайша бағдарлама басталғалы бері төрт банкке барлығы 90 млрд теңге берілді. Оның ішінде:

Еуразиялық банк – 25 млрд теңге;

Банк Центр Кредит – 27,5 млрд теңге;

Қазақстан Халық банкі – 22,5 млрд теңге;

Forte Bank – 15 млрд теңге.

Бүгінгі таңда банктер жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 10 888 өтінім мақұлдады, 4 847 автокөлік берілді.

– Айта кетері, жалпы сомасы 90 млрд теңгенің бөлінбеген лимиті 8 млрд теңгені құрайды. Бұл сома шегінде автонесие алуға өтінішті тек Еуразиялық банк пен Халық банк қана қабылдап жатыр. Бағдарламаға қатысатын қалған банктер бөлінген лимиттерді толығымен игерді, - деп мәлімдеді қор.

Осы 8 млрд теңге толығымен игерілгеннен кейін қалған 10 млрд теңге Еуразиялық банкке бөлінеді.

Одан кейін жаңа автонесие "револьверлік" механизм бойынша беріледі. Яғни өтінім бергендерге ақша көлік алған азаматтардың банкке ай сайын төлейтін несиесінен бөлінеді.

Бөлісу: