Жеңілдетілген несие. 370-ке жуық техника сатып алынды

7 Қыркүйек 2022, 05:31 1050

Қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір-ақ рет беріледі.

Жеңілдетілген лизинг бағдарламасын іске асырған бір ай ішінде "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға  43,6 млрд теңге сомасына 1089 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға өтінім түсті, деп хабарлайды EL.KZ.

АШМ баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оның ішінде 16,6 млрд теңге сомасына 369 бірлік техника қаржыландырылды.

Жеңілдікпен кредит беру шарттары:

  1. Лизинг мерзімі - 10 жылға дейін;
  2. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%-бен ;
  3. Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) - 0%;
  4. Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең - 1 жыл;
  5. Бір лизинг алушыға қаржыландыру сомасы - 205 млн теңгеден және үш ауыл шаруашылығы техникасынан аспайды. Қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір-ақ рет беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несие бағдарламасы 20 жылға есептелген және револьверлік сипатқа ие. Оны іске асыру үшін 40 млрд теңге бөлінген, бұл сомаға Қазақстанда жасалған 1000-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр.

EL.KZ
Бөлісу: