Жазушының парасатты һəм тамаша шешімі

27 Тамыз 2014, 04:14

Жазушының парасатты һəм тамаша шешімі

Жазушы шығармасында нəпсіқұмар адам баласының жауыздық келбетін бейнелейді. Ол: «Ауылдар бір күні бөріктерін аспанға атып, ақ түйенің қарнын жарып, ұлан-асыр той қылып жатса, ертесіне қара жамылып қан құсып отырады. Əдетте екі бала асыққа төбелессе, ит терісін ба- старына қаптайтын, ересектер жұдырық сермесіп, бет жыртыспай-ақ бірін-бірі жарып салады. Бір-біріне неден жазып қалғанын өздері де білмейді. Қан соқта болып арпалысып, айқай-таласқа түсіп жүрген қара жерге екеуі де құлайды, екеуі де шіриді, ұрыс даласында шашылып қалған сүйектері сол күні қираған қылыштан, найзаның сынығымен бірге, сол күні түскен аттың тізегімен бірге біраз уақыт жатады да, бір күндері бəрі де топыраққа айналады. Кеше ғана көкіректеріне сыймай, дүниенің төрт бұрышын қайта қондырып жықпаса тыншымайтындай лепірген өр жүректері ессіз жонның құрт-құмырсқасының аузында кетеді. Екеуінің артында қалған екі жетім бала ержеткен соң əкелері өлген соғыстан тірі қалған екі еркекке еріп келіп, енді олар алысады; олар да бір-біріне тісін қайрайды. Олар жермен қоса баяғыда қызды-қыздымен бастарын жұтқан екі өліктің де кегін кектейді. Ол екеуінен туған балалардың істейтіні тағы сол. Қара жерге бəрібір. Адамдар пайдам дегені қылсын. Тірі жүрсе тірі жүргендерін ауырсынбайды, өлсе өлгендеріне қиналмайды. Əйтеуір, олар бір-біріне қанша кеуде қағып, асып-тасқанымен бұдан басқа барары жоғын жақсы біледі.

Адамдар бірін-бірі жеңсе жеңер, бірақ бұны жеңе алмайды. Жер бетінде қанша қырғын соғыс болса да,жеңіс жердікі. Ол үстіне сиыспаған адамдарды астына ап,оп- оңай-ақ сиыстырады» – деп ғажап бір философиялық ойды түйіндейді. Бұл тұста жазушының исламдық дүние таныммен сусындағанын анық байқауға болады. Бұл жайт та ол үшін таңсық емес. Өйткені Маңғыстау даласы Пір Бекеті бар. Діни қиссаларды жырлайтын көптеген жыршы-жыраулары бар.Үш жүз алпыс екі əулиесі бар киелі өлке. “Күй” повесінде екі құндылық бір-біріне бетпе-бет қарсы тұр. Бірі-рухани құндылық, екіншісі – дүниеуи құнды-лық. Бірінші жақтың өкілі екі күйші, бірі – түрікмен Дəулет дутарына ғашық, екіншісі – қазақ күйшісі домбырасына ғашық. Бірі – қазақ Дүйімқара, екіншісі

– түрікмен Жөнейт. Бұндағы Дүйімқара да, Жөнейт те күйшілерін сүймейді. Өйткені, күй əлеміндегі тазалыққа, өздерінің қазіргі тіршілігіне қарсы тұруға мəжбүр болады. Ол жағдайда өздерінің бар болмысын жоққа шығарып, жауыздық пен надандықтарын мойындауға тура келеді. Өздерінің жалған «менімен» қоштасып, шынайы адами қасиетіне оралуға, əйтпесе, қоғам алдындағы жалған абыройын қорғаштаумен өмір кешуге мəжбүр болады. Дүниеуи нəпсіге кіріптар олар ең соңында рухани құндылықтың алдында бас иіп, өлім құшады. Өйткені, Жөнейт өз перзенті Дəулеттің рухани шəкірті, өнерін жалғастырушы ұрпағы Құрбан атты жаңа күйшінің табалдырығы алдында бақи дүниеге аттанады. Бұл жайтты жазушы былай суреттейді: «Құрбан соңғы кезде Дəулеттің дутарын өзі иемденіп, біраз күйдің басын шалып қалыпты. Əсіресе, осы күйге құмар. Қолына дутар ұстаса болды, ең алдымен анада Жөнейттің үйінің күн жағында күн сыртында тұрып естіген əуезін дыңылдатады. Бүгінде таң атар-атпастан дутарға жарма- сып, əкесіне күй тартып бермек еді, Жөнейттің оқыс даусы шықты. Жұрт орнынан тұра-тұра есікке ұмтылды. Кіріп келсе, табалдырыққа басын сүйеп Жөнейт жатыр. Аннадүрді иығынан қусырып ұстап көтеріп алып еді, былқ-сылқ, əлде қашан жүріп кетіпті». Бұл жазушының парасатты һəм тамаша шешімі болды. Шын мəнінде шығарма адамзатты жауыздықтан, надандықтан арылып, адамдарды бір-бірін жоюдан, бір-біріне қастандық жа- сап, адамдық санадан айырып, мəңгүрттенуден сақтануға үндейді. Сол үшін көшпенділер өмірінің беймарал тұстарындағы келеңсіз жайттардан сара жолды іздеуге шақырады. “Оян, қазақ”, “Оян, түрікмен”, “Оян, түркі ба- уырлар”, “Оян, адам баласы”, деп үндеу салады. Соны- мен, «Күй» шығармасы əлемдік əдебиетке жарқырап жол тартады. Қазақ əдебиетін əлемдік сатыға көтереді. Адам баласы рухани нəр алатын бұлаққа айналады.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу: