Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді: жаназасы Мэриленд штатында өтеді

Бүгiн, 16:17 1267

Қазақ халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің жаназасы АҚШ-та оқылып, ол осы елде жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі АҚШ-тағы қазақтар қауымдастығына сілтеме жасап хабарлады. Бұл ақпаратты жазушының ұлы Едіге Мағауин жеткізген. 

Агенттіктің жазуынша, "Мұхтар Мағауиннің жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні сағат 10:00-де Ленхем қаласындағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде оқылады, қонақасы да сол орында 13:00-де беріледі. Жерлеу рәсімі 11:00-де Parklawn Memorial зиратында өтеді", – деп жазылған жазушының ұлы Едіге Мағауиннің отандастарына жіберген хабарламасында.

Мұхтар Мағауин бүгін АҚШ-та 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының қазасына орай, марқұмның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: