Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева Бразилияның Фос-ду-Игуасуда өтіп жатқан Әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 51 келіге дейінгі салмақтың финалдық бәсекесінде италиялық Элен Лусия Аяримен кездесуі керек еді. Алайда Италия спортшысы жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.
Осылайша, Жазира Орақбаева (51 келіге дейін) Әлем кубогының кезеңін алтын медальмен аяқтады.