«Жазасын алады»: Прокуратура шетелде қашып жүрген Талғат Арданға қатысты пікір білдірді

31 Қазан, 12:21 459

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Astana LRT ЖШС ісі бойынша экс-басшы Талғат Арданның неліктен табылмай жатқанына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қойгелдиевтің сөзінше, бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ол шетелде жасырынып жүрген кейбір азаматтар тез табылғанымен, кейбірін елге қайтару процесі бір емес, үш жылға дейін созылып кетуі мүмкін.

Бірақ біз тоқтамаймыз. Шетелде жасырынып жүрген адам, ерте ме, кеш пе, табылып, елге қайтарылады және тиісті жазасын алады. Біз жұмысты жалғастырып жатырмыз, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: