Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеді

4 Мамыр, 12:45 738

Жайық өзенінің су деңгейі төмендеп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Судың қазіргі деңгейі – 7,99 м. Осыған орай, өңірге жұмылдырылған қосымша күш-құралдар өз облыстарына және Атырау облысына қарай бағытталды.

Облыс бойынша жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. 11 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды. Оның 5 813-і - 18 жасқа толмаған балалар. Эвакуациялық пункттерде 2 345 адам орналасқан, оның 1017-і – бала. 3 752 адам өз үйлеріне оралды, – деді спикер.

Қазіргі таңда облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: