Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы да көтерілді

28 Сәуір, 10:20 9490

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Атырау облысының Жайық өзенінде су деңгейі өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.     

Облыстық жедел штабтың мәіметінше, Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 645 см, деңгейдің +19 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 422 см құрайды.

Жайық өзені - Махамбет кенті 743 см деңгейінде, тәулігіне + 8 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 426 см-ге жеткен 

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 434 см, тәулігіне + 3 см деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 243 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

 28 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: