Жайық өзенінде суға ағып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адамды БҚО полиция департаментінің кіші сержанты Әміржан Бірлесов құтқарып қалды.
Оған ТЖМ қызметкерлері, «Ұлттық ұланның» әскери қызметшілері және сол төңіректе болған бірнеше азамат көмекке жүгірді.
Айтуларынша, мұндай оқиға тасқын су кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамай, қойылған шектеулерге құлақ аспағаннан туындайды.