Жайылымды киіктен қорғау үшін арнайы құдықтар қазылады

18 Сәуір 2023, 17:46 836

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов еліміздегі киіктердің санын реттеу және жайылымдарды қорғау бойынша Сенат депутаттарының сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Киіктердің мекендеу орындары соңғы 15 жылда 2 есеге қысқарған. Осыған байланысты қазіргі уақытта олардың Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтарының жайылымдары мен егістік жерлеріне шоғырлануы артып келеді. 

Жайылымдарды киіктерден қорғау мәселесін шешу үшін қазіргі уақытта қорқыту құрылыстарын орнату мәселесі пысықталуда, бұл ауыл шаруашылығы жерлерін бүлінуден қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тауарлық дақылдарды киіктердік бүлінуден қорғау мақсатында киіктер үшін олардың табиғи мекендеу орындарында жасанды суару құдықтарын құру жоспарлануда. Осылайша, құдықтар мен басқа да жасанды су қоймаларының қосымша желісін салу киіктердің санын шөлейт аймақтың аумағына біркелкі бөлуге мүмкіндік беруі керек, бұл жануарлардың егіншілік аймағына өтуіне кедергі келтіреді, - делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.

Жалпы, еліміздегі киіктердің санын реттеудің, оның ішінде олардың популяциясына мониторинг жүргізудің, сондай-ақ ғылыми және өндірістік мақсаттарда алып қоюдың ғылыми-негізделген тәсілі үшін ағымдағы жылы олардың популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздеме шеңберінде ғылыми зерттеуді бастау жоспарлануда.

Мәселен, ағымдағы жылдың 28 ақпанынан 1 наурызына дейін Қазақстандағы киіктер популяциясын басқару мәселелері бойынша халықаралық және ұлттық сарапшылармен Консультативтік кеңестің бірінші бөлімі өткізілді, - дейді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, консультативтік кеңестердің қорытындысы бойынша халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстандағы киіктер популяциясын одан әрі басқару жөнінде ұсынымдар әзірлейтін болады, олар жоспарланған биологиялық негіздемеде көрсетілетін болады.

EL.KZ
Бөлісу: