2025 жылы елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 206 мың орынға арналған 112 мектеп салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, былтыр елімізде осы бағдарлама аясында 105 мектеп салынған. Оның 68-і қалаларда, ал қалғаны ауылдарда қолданысқа берілген.
Оқу жылының басынан бері 254 мың оқушы орны пайдалануға берілді, ал 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 460 мың орынға жетеді, - деп хабарлады министрлік.