Жауын-шашын, тұман: 3 наурызға арналған ауа райы болжамы

3 Наурыз, 01:03 810

«Қазгидромет» 3 наурызда еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. 

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Зарина Арман
Бөлісу: