Жауын-шашын, шаңды дауыл: 22 сәуірге арналған ауа райы жарияланды

22 Сәуір, 10:54 558

Қазгидромет 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальді бөліктер әсер ететін болады – найзағай болып, жаңбыр жауады, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-батысында, киыр солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

23-26 сәуір аралығында қатты жаңбырдың жаууына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: