«Қазгидромет» маманлары 8 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болатын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертен облыстың батысында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Қызылорда облысында күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Астанада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ.
Қостанай облысында қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.
Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Шымкентте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 метрге жетеді.
Ақмола облысында күндіз батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ.
Маңғыстау облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады.