Жауапкершілікті өз мойныма аламын – Қазақстан құрамасының бас бапкері

30 Қыркүйек, 23:07 598

Футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Аргентинадан оңбай ұтылған Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака жауапкершілікті өз мойнына алып, жеңілістің себептерін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ойынымызға лайық нәтиже алды. Бүгін өз деңгеймізден алыс болдық. Команданы жігерлендіре алмағаным үшін, ойын барысында лайықты сөздер таба алмағаным үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын.

Бүгін құрама тарихындағы ең нашар ойын болды. Үш күн бойы «жарайсыңдар» деген сөзді естіп келдім, ал бүгін жанкүйерлердің мынадай қолдауына лайық болмадық. Әрі қарай жұмыс істейміз. Өмір мұнымен тоқтап қалмайды.

Жекелей қателіктер болған жоқ. Команда бапкері, көшбасшысы ретінде кез келген теріс пікірге дайынмын, - деді Кака.

Айта кетейік, жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған ойында құрамамыз Аргентинадан 6:1 есебімен жеңілді.

Зарина Арман
Бөлісу: