Жасұлан Мәдиев «Бәйтерек» ғарыш кешеніне жұмыс сапарымен барды

30 Мамыр, 23:50 457

Қазақстан үшін ғарыш саласының маңызы зор. Министрлік Қазақстанның аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға баса назар аударады, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенінің туристік әлеуетін жақсартуға ерекше көңіл бөлуді көздеп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев Зенит ҒЗК нысандарын аралады, оның негізінде «Бәйтерек» жаңа ғарыштық зымыран кешені құрылуда.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев және «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Ю.И. Борисовтың жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сонымен қатар «Бәйтерек» бірлескен жобасының іске асырылу барысы талқыланды, сондай-ақ «Протон» ҒЗК нысандарына барды, әріптестер жердегі ғарыштық инфрақұрылым нысандарында ұшыру алдындағы жұмыстарды көрсетті.

Зарина Арман
Бөлісу: