Жастарымыз заңды білмейді – Мемлекет басшысы

30 Маусым 2023, 12:29 1139

Полицияның жоғары деңгейдегі өкілдері университеттерге, мектептерге барып, заңдарды жастарға түсіндіруі керек. Әсіресе, заң бұзудың салдарын анық көрсетуі қажет. Президент бұл туралы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент жастардың заңды білмейтіндігіне, оны сақтаудың маңызын түсінбейтіндігіне қынжылды.

Өкінішке қарай, біздің жастарымыздың арасында заң сауатсыздығы кеңінен таралған, басқа сөзбен айтқанда, жастарымыз заңды білмейді, заңды сақтаудың мән-маңызын түсінбейді. Ал мұндай құқықтық сауатсыздықтың салдары өте ауыр.

Мен әрбір жиында қоғамымызда заң үстемдігі болуы керек, соның негізінде тәртіп болуы керек деп айтып жүрмін. Полиция қызметкерлері осы қарапайым тұжырымдаманы халыққа, азаматтарға, әсіресе жастарға жеткізуі керек, - деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз:

Мадина Асылбекова
Бөлісу: