Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев білім беру мәселелері бойынша заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мектеп пен колледждерде қатар оқу қандай мемлекеттерде бар? Мұны қайдан шығарып жүрсіздер? Оның нәтижесі қалай болмақ? Мектеп оқушылары екі жақта қалмай ма? Түске дейін мектепте оқып, түстен кейін колледжге барып, мал дәрігері боламын деген әңгіме құлаққа кірмейді. Колледждің білімі өте сапалы болуы керек. Техникалық мамандықтарды мектепте 11-сыныпқа дейін оқытып алу керек. Біз кезінде мектептен тракторшы, слесарь болып шықтық. Ескінің бәрі жаман емес, ескіден жаңашылдықты үйрену керек. Жастарды нансоғарлыққа емес, еңбекке баулу керек, - дейді Жигули Дайрабаев.
Мәжілісменнің айтуынша, мал дәрігерлерінің 86 пайызы қыздар.
Елімізде 3 аргарлық университеті бар. Ол жерде оқитын мал дәрігерлерінің 86 пайызы қыздар. Оларға диплом керек, оқысын, қарсылығым жоқ, бірақ солардың көбі ауылға бармайды. Мамандық жетіспейді. Мемлекеттің ақшасы далаға шашылып жатыр. Осыны қарайтын орган бар ма?, - дейді депутат.