«Жастар» облыстық мешітінің командасы «Достық кубогы» атты турнирдің жеңімпазы атанды

25 Шілде 2018, 03:08 1617

Астананың 20-жылдығына және Денис Тенді еске алуға арналған «Однофамильный спорт» жобасы шеңберінде облыстық Достық үйі шағын футболдан «Достық кубогы» атты турнир өткізді.

Турнир 12 қызықты, кәсіби командаларды жинады: «Жұлдыз» (Қостанай құрамасы), «Жастар» (облыстық мешіті), «Коста Lads» («Дүйсен» бір тектестердің командасы), «Вайнах» (шешен-ингуш ЭМБ), «Асаба» (қырғыз ЭМБ), «Бірлік» (әзірбайжан ЭМБ), «10 өңір» (Қостанай құрамасы), «Қостанай» (Қостанай құрамасы), қалалық әкімдік, «Миньоны» (КПМУ), «Ахыска» (түрік ЭМБ) және КСК.

Турнирді Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ләззат Дренясова ашты. Ол командаларға сәттілік тілеп, спорт адамдарды біріктіріп,  жігерлендіреді деп атап өтті.

Футболдан шебер-классты турнирге қатысушыларының алдында «Дерби» футбол Академиясының кішкентай өкілдері көрсетті. Олар жаттығулар мен ойын сәттерін көрсетті.

Алғашқы ойындар төрт кіші топтарда өтті. Бірінші кіші топта жартылай финалға шығу құқығына таласқандар: «Звезда», «Жастар», «Коста Lads». Екі ойында жеңіске жетіп, жартылай финалға «Жастар» командасы шықты. Екінші кіші тобында «Асаба» командасы көп ұпай жинады, «Вайнах» және «Бірлік» командаларынан озып шықты. Үшінші кіші топтағы көшбасшылықты қалалық әкімдіктің командасы иемденді. Олар «10 өңір» және «Қостанай» командаларын жеңді. Және төртінші кіші топта «Миньоны» командасы көп ұпай жинады, олар КСК және «Ахыска» жеңіп шықты.

Жартылай финалда «Жастар» 6:5 есебімен «Миньоны» командасынан алға шықты. Ал қалалық әкімдік командасы 6:0 есебімен «Асаба» командасымен ойында өте жақсы нәтижеге жетті.

Финалда «Жастар» командасы 4:3 есеппен, қалалық әкімдікті жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Қалалық әкімдігі, екінші орынды иеленді. «Асаба» командасы үшінші орынға жайғасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен ақшалай сыйлықтар берілді. Жеңілген командалардың ойыншылары қатысқандары үшін естелік кружкалармен марапатталды.

«Жастар» командасының ойыншысы Шәкен Нұргелді турнирдің ең үздік ойыншысы деп танылды. Ол алғыс хат пен демеушілердің сертификатына ие болды.

«Мен үнемі облыстық мешітінің командасы үшін ойын көрсетемін. Біз қалалық түрлі турнирлерге қатысамыз, жеңуге тырысамыз. Футбол — өмірімнің бір бөлшегі, бала кезімнен айналысамын. «Тобыл» командасының дубльында ойнадым, қазір үнемі әуесқой турнирлерде ойнауға тырысамын, спортпен шұғылдануды өзім дұрыс деп санаймын. Турнир үшін рахмет, ол өте жақсы деңгейде, лайықты қарсыластармен өтті», — деді Ш. Нұргелді.

Турнирге тек ерлер ғана қатысқан жоқ. «Қостанай» командасы үшін үш қыз ойын көрсетті: Талиға Хабибулина, Изабелла Бондаренко және Дарья Смурыгина. Қыздар бұрын кәсіби футболмен айналысқан, «Тобыл» әйелдер командасында, қала құрамында ойнаған. Қыздар да жақсы командалармен ойын алаңында ойнауға мүмкіндік болғанына қуанды. Бірақ, өздерінің әйелдер командасының толық құрамы  жетіспегенін атап өтті.

«Жарыс өте жақсы өтті! Болашақ жарыстарға қатысуға дайынбыз. Шақырғандарыңыз үшін рахмет», — деді Т. Хабибулина.

Бөлісу: