Жастар белсенді болуы керек

23 Қыркүйек 2019, 19:15 3246

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев елордалық жастар ұйымдарының белсенділерімен кездесті.


Жансейіт Қансейітұлы жастарды қоғамдағы саяси, әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамай, белсенділік танытуға шақырды. Дөңгелек үстел басында еркін форматта өткен кездесуде жастар ұйымдарының өкілдері, «100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпаздары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қоғамдағы өзекті мәселелерді сараптап, өз пікірлерін ортаға салды. «Бүгінгі қоғам ақпараттар ағынының көптігінен шатасады. Әлеуметтік желілердің күнделікті тұрмысымызға енгені, және оның халық бірінші кезекте тұтынатын ақпарат көзіне айналғаны да жасырын емес. Қазір Қазақстан қоғамында өзгерістер көптеп орын алуда. Мемлекеттің қолдауының арқасында әлеуметтің әлеуетінің артқанын аңғаруға болады», - деген Жансейіт Түймебаев дәлел ретінде өткен жылдардағы дерек пен дәйекті зерделеуді ұсынды. Жастар жаңалықтың жаршысы болуы керек деген Жансейіт Қансейітұлы әлеуметтік желілерде белсенді жастарды халыққа мемлекеттік саясат ақпаратын дұрыс жеткізудің елдің бүгінгі тірлігі мен бірлігі, ертеңгі болашағы үшін маңызы зор екенін ескертті. Сондай-ақ, кездесуге қатысқан «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Әмір Қуатов, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «Ахыска» түрік мәдени орталығының басшысы Аскер Пириев, «Жаңғыру Жолы» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Жұмырбаев Жансейіт Қансейітұлының сөзін қуаттап, сөз сөйледі және өз ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, кездесуде қоғамдағы немқұрайлылық, масылдық секілді әлеуметтік мәселелерге арналған әлеуметтік роликтердің таныстырылымы жастар назарына ұсынылды.

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Нұргүл Қалиева
Бөлісу: