Жастар арасында әлем чемпионаты: финалға Қазақстаннан кімдер шықты

1 Қараша, 09:50 540

Бокстан Будвада (Черногория) жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына қазақстандық жеті боксшы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біріншіліктің жартылай финалында елімізден 17, соның ішінде ерлер арасында сегіз, қыздар арасында тоғыз боксшы бақ сынаған.

Жартылай финалдық жекпе-жектер қорытындысы бойынша финалға тек жеті былғары қолғап шебері шықты.

Ерлер арасында Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг) мен Санжарәли Бегалиев (75 кг) алтынға таласса, қыздар арасында Елянұр Тұрғанова (50 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) мен Аружан Зейноллаева (81 кг) бас жүлде үшін бақ сынайды.

Осылайша, біріншілікте ерлерден Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг) пен Аслан Елдібайұлы (92+ кг) қола жүлдегер атанса, қыздар арасында Анель Әбірасылова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) мен Панар Сейітхақызы (81+ кг) үшінші орын алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: