Жасанды интеллектті күнделікті өмірде қолдануды үйрететін курстар басталды

11 Қыркүйек, 21:10 352

Blockchain & AI Technology Center (BAITC) және Astana Hub ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен 30 қыркүйек пен 27 қазан аралығында өтетін жасанды интеллект (ЖИ) бойынша тегін білім беру курсын іске қосады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл курс дайындық деңгейіне қарамастан баршаға арналған және қатысушыларға ЖИ негіздерін меңгеруге және осы білімді нақты мәселелерді шешуге, жұмыс процестерін жақсартуға арналған. Ол қаржы, денсаулық сақтау, маркетинг және көлік сияқты әртүрлі салаларда тиімділікті арттыруға қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектеседі.

“AI People” — жасанды интеллектің мүмкіндіктерін күнделікті және кәсіби өмірді жақсарту үшін меңгеруге арналған. Дайындық деңгейіне қарамастан барлығына арналған 4 апталық тегін курс. Бағдарламаға тапсырмаларды жеңілдетуге арналған 20-дан астам ЖИ құралына қол жеткізу, шығармашылық жұмыс пен жазуға арналған 40+ промпттарды меңгеру, сонымен қатар үдерістерді автоматтандыру және бюджетті оңтайландыру секілді әдістер кіреді. Қорытындыда қатысушылар өз дағдыларын Demo Day күні көрсете алады. Курс күнделікті өмірде технологияны практикалық қолдануға баса назар аудара отырып, халықты ЖИ-ке жаппай оқытуға бағытталған. Әр апта сайын ең белсенді қатысушыларға ChatGPT Plus жазылымдары ойнатылады.

Генеративті ұлт — бұл жасанды интеллектті дамытуға және инновациялық экожүйені құруға бағытталған Қазақстанның ұлттық қозғалысы. Алайда, бұл тек инженерлерді даярлаумен шектелмейді — қозғалыстың маңызды бөлігі қоғамды оқытуға арналған. Осы мақсатта біз күнделікті өмірде, оқу мен жұмыста жасанды интеллектті қолдануды үйренуге мүмкіндік беретін баршаға ашық AI People жобасын іске қосамыз, — деп атап өтті Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

AI People курсының іске қосылуы Қазақстанда жасанды интеллект саласында адами капиталды дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

Біз бұл курсты адамдарға жасанды интеллекттің негіздерін үйретіп қана қоймай, оларды осы салада әрі қарай дамуға шабыттандыру мүмкіндігі ретінде қарастырамыз, бұл жасанды интеллект индустриясы мен IT секторы үшін маңызды, — дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Курс практикалық дағдыларды игеруге және болашақ мансапқа дайындалуға ұмтылатын студенттерге; бәсекелестік деңгейі төмен және табыс деңгейі жоғары өз орнын іздейтін мамандарға; бір типті міндеттерге байланысты шығармашылық мүмкіндіктері шектеулі маркетологтарға; процестерді автоматтандыруға ұмтылатын, бірақ бәрін өз бетінше орындауға мәжбүр кәсіпкерлерге; шығармашылық мамандарға,  күнделікті жұмыстан шаршаған және жаңа тәсілдерді іздейтін адамдарға; сондай-ақ кәсіби қызмет үшін жеке уақытты құрбан етуге мәжбүр болған фрилансерлер мен IT мамандарына пайдалы боламақ.

Жасанды интеллект біздің өміріміз бен жұмысымыздың әртүрлі аспектілерін өзгертуге үлкен әлеуетке ие. Біздің курс қатысушыларға әртүрлі салаларда ЖИ-ті тиімді пайдалану үшін қажетті практикалық дағдылар мен білім береді, — деп атап өтті Blockchain & AI Technology Center (BAITC) бизнесті дамыту жөніндегі директоры Алтынай Өмірзақ.

Жасанды интеллект саласындағы білім мен дағдыларға сұраныс бүкіл әлемде өсуде. BAITC және Astana Hub тегін бағдарламасы іргелі білім алуға және осы перспективалы салада мансапты дамытуға бірегей мүмкіндік береді.

Қалай тіркелуге болады?

Бағдарламаға қатысу үшін біздің сайтта тіркелу қажет https://baitc.org/ai-people.

Тіркелу формасына сілтеме: https://forms.gle/Y57ULvCQ2VwXryFL9.

Перизат Саденова
Бөлісу: