Соңғы жылдары адамдар жасанды интеллект құралдарын күнделікті өміріне сәтті енгізіп келеді. Бірі оны хат жазуға, бірі реферат дайындауға, енді бірі маркетинг жоспары немесе код жазуға пайдаланып жүр. ChatGPT, Gemini, Copilot сияқты жүйелер адамдар үшін ақпарат беретін сенімді серіктеске айналды. Бірақ бұл тек бастамасы еді. Бұл – ЖИ-мен сөйлесуді үйрену кезеңі болатын.
Енді біз келесі кезеңге өттік. Бұл кезеңде ЖИ жай сөйлесіп қана қоймайды, адамның орнына нақты әрекет етеді. Оны «ЖИ агент» деп атайды. Ол тапсырмаға жауап бермейді — оны орындайды. Сіз айтып кетесіз, ол іздейді, жоспарлайды, әрекет етеді, тіпті қажет болса, нәтижесін өзіңізге хабарлайды.
Бұл мақалада біз ЖИ агенттің не екенін, ол не істей алатынын, қазір қай агенттер барын және болашақта олар қандай салаларда қолданылатынын қарастырамыз. Бұл технологияның енді әрбір адамның өміріне қалай әсер етуі мүмкін екенін ой елегінен өткіземіз.
ЖИ агент деген не?
Қарапайым тілмен айтсақ, ЖИ агент – сізге тапсырма беріп кетсеңіз, өз бетімен жоспарлап, әрекет етіп, нәтижесін әкелетін цифрлық көмекші.
ChatGPT сияқты ЖИ-ге “Маған Алматыға үш күндік сапар жоспарлашы” десеңіз, жай тізім береді. Ал агент болса:
Басқаша айтқанда, сіздің атынан әрекет етеді.
Мысал: Алматыға ЖИ агентпен сапар
Сіз оған бір-ақ сөйлеммен айтасыз:
“Алматыға үш күнге барамын. Орташа бағадағы қонақүй, кафелер, және табиғат аясындағы серуен жоспарлашы.”
Агент не істейді?
Бұл жай ғана жоспар емес – толық орындалатын, нақты әрекетке негізделген жұмыс.
Қазір қандай ЖИ агенттер бар?
Бүгінде алғашқылардың бірі ретінде мынадай ЖИ агенттер кең қолданыла бастады:
Олар ақылы ма?
Иә, көп агент жүйелері тек GPT-4 негізінде жұмыс істейді.
Мысалы:
Болашақта ЖИ агент не істей алады?
ЖИ агенттер — енді жай тәжірибе емес, болашақ өмір салтымыздың бір бөлігіне айналып келеді. Олар сіздің тапсырмаңызды тек орындай салмайды, оны өзіңіз үшін ойластырып, ең тиімді жолын ұсына алады. Уақыт өте келе әр кәсіптің, әр адамның жеке агенті пайда болуы мүмкін: бірі үшін – үй көмекшісі, бірі үшін – маркетолог, енді бірі үшін – жеке редактор.
Сондықтан бұл технологияны тек қызық ретінде емес, өз салаңызға бейімдеуге болатын мүмкіндік ретінде қарау керек. Оны кім ертерек түсініп, дұрыс бағытта қолдана білсе – сол адам, сол команда, сол ел алда болады.