Цифрлық дәуірдегі ең үлкен бетбұрыстардың бірі — жасанды интеллектінің еңбек нарығына енуі. Бір жағынан, бұл кейбір дәстүрлі мамандықтарды ығыстырса, екінші жағынан — мүлде жаңа бағыттар мен кәсіптердің тууына жол ашты. Бұрын естімеген "ЖИ-бапкер", "цифрлық кеңесші", "контент сүзуші" секілді қызметтерге қазір шетелде үлкен сұраныс бар.
Көп ұзамай бұл мамандықтар Қазақстанда да қажет болады. Әлем елдері осы жаңа салаларға бейімделіп жатқанда, қазақ жастары да бұл үдеріске белсенді араласуы тиіс. Бұл — тек технология емес, тіл мен мәдениеттің, еңбек нарығының жаңа кезеңі.
Ендеше, ЖИ арқылы пайда болған мамандықтар қандай? Қайсысы қарапайым адамдарға, әсіресе жастар мен болашақ маман иелеріне тиімді болмақ?
Бұл адам жасанды интеллектке дұрыс, түсінікті сұрақ қоюды үйретеді. Қарапайым тілмен айтсақ, ол – ЖИ-мен жақсы сөйлесудің шебері.
Не істейді:
Бұл маман ЖИ қоғамға зиян келтірмеуін, ұлт пен дінге, жеке адамға тіл тигізбеуін бақылайды.
Мысалы:
ЖИ кейде қате жауап береді. Оны тексеріп, түзетіп отыратын мамандар керек болады.
Не істейді:
ChatGPT сияқты жүйелер көп жазба жаза алады. Бірақ оны адамдарға ыңғайлы, әсерлі ету үшін өңдеу керек.
Не істейді:
Көптеген ЖИ құралдары қазақ тілін әлі толық білмейді. Осыны дұрыстау үшін ЖИ-ге дұрыс қазақша үйрететін адамдар керек.
Не істейді:
Бұл мамандар ЖИ-ге түрлі мәлімет беріп, оның адам сияқты ойлауына көмектеседі.
Мысалы:
Кейде адамдар ЖИ-ді дұрыс түсінбейді, ал ЖИ адамдарды. Осы екі жақты бір-біріне түсіндіретін мамандар керек болады.
Не істейді:
Қазір жаңалықтарды ЖИ да жаза алады. Бірақ оны адам бақылайды, бағыт береді, дұрыстайды.
Жаңа журналист не істейді:
Жасанды интеллект – болашақтың бір бөлігі емес, бүгінгі күннің ақиқаты. Көптеген мамандықтар өзгеріп, жаңасы пайда болып жатыр. Бірақ қорқудың қажеті жоқ. ЖИ адамның орнын баспайды, керісінше — адаммен бірге жұмыс істеуді үйреніп келеді. Ең бастысы – осы өзгерістерге дайын болу, жаңа дағдыларды меңгеру, әрі өз мамандығыңды жаңа бағытта дамыту.
Бүгінгі мектеп оқушысы, колледж студенті немесе жұмыс орнын іздеп жүрген азамат ертең ЖИ-мен бірге жұмыс істейтін маман бола алады. Бұл салаларда қазақ тілі мен мәдениеті де шет қалмауы тиіс. Сондықтан қазақтілді жастар, мамандар мен ұстаздар ЖИ саласына белсенді араласса, біздің тіліміз де, біліміміз де жаңа технологиямен бірге дамиды.
Болашақ — технология мен адам бірлесе жұмыс істейтін кезең. Ал кім ерте қимылдаса — сол көш басында болады.
Аршат Ораз