Жасанды интеллект өмір ақиқатына айналды - Мемлекет басшысы

12 Қазан 2023, 10:42 1216

Президент жасанды интеллект пайда болуымен жаңа дәуір басталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі іс-шараның тақырыбы өте өзекті. Жасанды интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды. Жаңа дәуірдің басталғанына куә болып отырмыз. Кезінде электр жарығы мен интернетті ойлап табу тіршілігімізді қалай түбегейлі өзгертсе, жасанды интеллект технологиясының ықпалы да дәл сондай орасан зор, - деді Президент.

Президент жасанды интеллекттің адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандыратынын және ауқымды экономикалық құндылық қалыптастыра алатынын тілге тиек етті.

Кейбір сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллекттің жаһандық экономикаға қосатын елеулі үлесі – дүниежүзілік ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігіне парапар, - деді ол.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы аталған технологияның кең қолданысқа ие болуы Қазақстанның қарқынды дамуында маңызды рөл атқара алатынына назар аударды.

Сондықтан қысқа мерзім ішінде жасанды интеллектті дамыту үшін барлық жағдайды жасау қажет, - деді Тоқаев.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: