20 Шілде 2015, 08:41
«Сәтті қадам» жобасы бойынша құжаттар ағымдағы жылдың шілде айының 31-не дейін қабылданады. Жобаға қатысу үшін, түйіндеме, жеке анықтама, дипломның көшірмесі (қосымшасымен бірге) және өзіңіз жайлы және алдағы мақсаттарыңыз туралы жазылған эссені satti_kadam@zhasotan.kz. сайтына жіберу керек,– деп жазады «Жас Отан» ЖҚ ресми сайты.
Қатысушыларды тағылымдамадан өткізуге дайын компаниялар тізімі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпараты келесі сілтемеден http://www.zhasotan.kz/ru/projects/26 көре аласыздар.
«Сәтті қадам» жобасы жайлы
2013 жылы шілде айында «Сәтті қадам» жобасы жолға қойылды. «Жас Отан» ЖҚ жас қазақстандықтар үшін еліміздің ірі өндірістік мекемелерінде, ұлттық компанияларында және мемлекеттік органдарында жүйелі түрде тағылымдамаларын ұйымдастырып отыру үшін және жыл сайын белгілі шамада квота бөлу үшін аталмыш мекемелермен екіжақты меморандумға қол қойды.
Жобаның мақсаты қандай?
Жобаның негізгі мақсаты — ЖОО бітіруші жастарға өз қызметтік сатысын Қазақстанның белгілі ұйымдарынан тағылымдамадан өту арқылы бастауына мүмкіндік беріп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде сынап көруіне қолғабыс ету.
Тағылымдамадан өтуге ЖОО түлектері шақырылады.
Іріктеудің бірнеше кезеңнен тұратынын ескерсек, жобаға ең лайықтылары қатысады деп санауға болады.Біріншіден, үміткерлер өз түйіндемелерін толтырып, оқудағы жетістіктері мен өзге табыстарын көрсетіп, жобаның электронды мекен-жайына жібереді.
Қатысушыларға мынадай талаптар қойылады:
Үлгерімінің орташа баллы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жақсы. Жобаға сабақты тәуір оқып, университет тарапынан жақсы мінездеме алғандар қатыса алады.
Қоғамдық шараларға белсене араласқандардың мүмкіндігі көбірек. Студенттік жылдарында жас жігіт (немесе қыз бала) қоғамдық іс-шараларға қатысып, өзінің азаматтық пікірін білдіргені оған әбден көмектесуі ықтимал. Олимпиадаларда үлгілі нәтиже көрсеткен болуы керек. Қатысқан пәні бойынша дәлелдеме ретінде сертификат, дипломдары болса құптарлық.
Үздік түйіндемелер таңдалғаннан кейін, қатысушылар сұхбаттасуға шақырылады. Оны тұрақты комиссия мүшелері жүргізеді. Тағылымдамадан өтушілердің білімдері емес, адами қасиеттері мен шеберліктерін айқындау мақсатында олардың жасампаздығы, ашықтығы, жұмыс істеуге және үйренуге деген бейімділіктері туралы сұхбат алынады.
2014 жылы еліміздің барлық аймақтарында «Сәтті қадам» жобасына қатысуға 2472 адам ниет білдірген. Сұхбаттасу кезеңінің қорытындылары бойынша 969 жас маман мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға тағылымдамадан өтуге бағытталды. 3 ай нәтижесі бойынша 100-ге жуық адам тағылымдамадан өткен мекемелерінде қызметке орналасты.
Ағымдағы жылдың 22-маусым мен 31-шілде аралағында «Сәтті қадам» жобасына қатысам деушілерге құжаттарды қабылдаудың жаңа кезеңі өтеді. Тағылымдамадан өтуге болатын ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың тізімі артып, бүгінде еліміз бойынша 240.
Биыл жастардың сұраныстары бойынша байқауға орта кәсіби оқу орындарының түлектері қатысады. Бұл бағытта колледж түлектерін қабылдауға ниетті жұмыс берушілермен қосымша меморандумдарға қол қойылды.
Әзірлеген Айша КЕРЕЙ