«Жас маман» жобасына бөлінген 171 млн теңгеден астам ақша қолды болған

11 Шілде 2022, 10:36 1353

Жобаның мақсаты - колледждер мен жоғары оқу орындарын 100 кәсіп бойынша жаңғырту

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды El.kz

«Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық істің процестік шешімі қабылданатын болады», - деп жазды ведомтсво.

ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу: