«Жас ұлан» мектебі оқушысына қол көтерген офицер сөгіс алды

Кеше, 11:23 299

Оқиға Семейде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбадан офицердің оқушы басынан алақанымен екі рет ұрғанын көруге болады. Бұл жайтқа қатысты Абай облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға екі жыл бұрын болған.

Ол кезде оқушы бала 8-сыныпта, қазір 10-сыныпта оқып жатыр, - деді.

Білім басқармасы оқиға болған сәтте тексеріс жүргізіліп, қажетті шара қабылданғанын да жеткізді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: