«Жас өрт сөндірушілер». Алматы облысында екі әскери-патриоттық сынып ашылды

1 Қыркүйек 2023, 17:12 758

1 қыркүйекте Алматы облысының Жамбыл және Іле аудандарында «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық сыныптарының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Данияр Болатбекұлы Қасымов Жамбыл ауданы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы мектепте қазақ әскери-патриоттық сыныбының ашылуына қатысты. Онда ол оқушыларды құттықтап, жас өрт сөндірушілердің бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, азаматтық борышын және мүдделерін қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығы бойынша барлық күш-жігері үшін мұғалімдерге алғысын білдірді.

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Разакулов Ералы Маратұлы Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №38 мектебінде әскери-патриоттық сыныптың ашылуына қатысты. Ашық сабақ аясында ол құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты іс-шара барысында 5 және 7 сынып кадеттерінің салтанатты ант қабылдауы өткізілді.

Алматы облысының қалған аудандарында жалпы білім беретін мектептерде көрме ұйымдастырылды, оның аясында оқушыларға авариялық-құтқару құралдары мен арнайы техникасы таныстырылды. Сонымен қатар 1 қыркүйектің күнінің аясында облыстың барлық өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды, онда барлық ниет білдірген оқушылар мен олардың ата-аналары үшін өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Іле ауданында осындай үш сынып, Қонаев қаласында екі кадет сыныбы және Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында Астана қаласындағы көпқабатты үйде өрт кезінде бірнеше адамның өмірін құтқарған Асқар Забикулин атындағы «Жас өрт сөндірушілер» әскери-патриоттық клубы ашылған болатын.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: