Жас мұғалімнің ерекше білім беру тәсілі қызу талқыға түсті

20 Қыркүйек, 15:35 25546

Бастауыш сынып оқытушысы ерекше оқыту тәсілдерінің арқасында әлеуметтік желі жұлдызы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзінің видеосында ол «Ирина Кайратовна» тобының «Айдаһар» әнін қолдана отырып, бірінші сынып оқушыларының назарын аудартқан.

Әннің сөздерін айту арқылы оқушыларн өзіне қаратып, олардың осы сөздерді жалғастыруына мүмкіндік берген. Сонан соң оқу процесіне кіріскен.

Бұл әдіс еліміздегі өзге мұғалімдерге де шабыт беріп, осы үрдісті қайталаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары бойжеткеннің бұл әдісіне оң баға беріп жатыр.

«Заманауи мәселе заманауи шешімді талап етеді», «Өзі сұп-сұлу, ақылды, оқушыларына да білім беріп жүр», «Бірінші сынып оқушыларын екі аптаның ішінде баурап алуының өзі көп нәрсені аңғартса керек», «Жарайсың деу керек», «Оқушыларыңыз сізді жақсы көретіні сезіліп тұр», - деп жазған көпшілік.

Ал тапқыр мұғалімнің есімі – Шахсанам Сатыбалдиева. Ол Талғар орта мектебінде жұмыс істейді.

@sugashakh

 

♬ оригинальный звук - 🍜

Мадина Асылбекова
Бөлісу: