Жас домбырашылар Олимпиадада жеңіске жеткен спортшыларға арнап пойызда концерт ұйымдастырды

28 Шілде, 11:40 639

«Қарақат» музыка мектебінің дарынды жас домбырашылар Алматы-Өскемен бағыты бойынша жүретін пойызда Парижде өтіп жатқан Олимпиададағы еліміздің спортшыларының алғашқы жеңістеріне арнап, концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚТЖ мәліметінше, жас өнерпаздар №351 пойызының жолаушыларын өз өнерлерімен тәнті етіп, ерекше атмосфера сыйлады.

Домбырашылар белгілі қазақ композиторы Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады. Белгілі болғандай, балалар Алматыға Өскеменде өткен музыкалық сайыстан жеңіспен үйлеріне қайтып жатқан. Перронда балаларды туыстары мен жақындары күтіп алып, жеңістерімен шын жүректен құттықтады.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында хабарландыру жүйесі арқылы Олимпиадада медаль жеңіп алған спортшылардың есімдері айтылды. Жолаушылар бұл жаңалықты қуана естіп, спортшыларды қолдап, өз отандастарына мақтаныштарын білдірді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: