Жарықсыз қалғандарына ашынған Қонаев тұрғындары жолды жауып тастаған

25 Шілде 2023, 14:55 984

Жарықсыз қалғандарына ашынған Қонаев тұрғындары жолды жауып тастаған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының жолды жауып тастаған видеосы тарады. Өңір әкімдігі тұрғындармен кездесуге Қонаев әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет барғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

Кооператив басшылығы сенімсіз тұрғындарға сілтеме жасай отырып, қызмет көрсетушіге – «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-на 32 млн теңгеден астам қарыз болды. Бұл сома ай сайын өсіп жатыр. Жасалған төлемдер кестесі уақытылы және толық емес орындалғандықтан, осы жылдың 24 шілдесінде саяжай кооперативі электр қуатынан ажыратылды. Қарыз салдарынан электр энергиясын ажыратқаннан кейін қала әкімі Н.Құматаевтың шешімімен тұрғындармен және саяжай кооперативінің басшылығымен кездесу үшін қала әкімінің орынбасары М.Жолдахмет жіберілді. Ол сол жерде жағдайды ескере отырып, төлем кестесі жасалғанын, оған сәйкес төлем жасалуы керек екенін түсіндірді. Сонымен қатар кооператив қызметкерлері мен бақылаушыларға сенімсіз тұтынушылармен жұмыс істеуге көмектесетін тұрғындар қатарынан бастамашыл топ құру ұсынылды. Қажет болған жағдайда учаскелік инспектор тартылатын болады, - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Тұрғындар қолданыстағы заңнамаға сәйкес кооперативтердің қызметіне араласуға құқығы жоқ болғандықтан, қалалық әкімшіліктен көмек сұрап жатыр. Әкімдіктегілердің сөзінше,  жергілікті халықты электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін шешу саяжай кооперативінде жаңа электр желісінің құрылысы аяқталуға жақын: жүктемені бөлу үшін 11 трансформаторлық қосалқы станция орнатылды.

Алдағы уақытта нысандар «Алатау Жарық компаниясы» балансына берілетін болады. Тұрғындардың әрқайсысымен дербес шарт жасалады, ал төлем бірыңғай бекітілген тариф бойынша жүргізілетін болады. Қазір электр энергиясын беру уақытша қалпына келтірілді. Кооператив басшылығы энергия беруші компания алдындағы берешекті өтеу жөнінде шара қабылдап жатыр, - деп сендірді әкімдіктен. 

Равиль Ашығали
Бөлісу: