31 Шілде 2014, 07:55
– «Бiлiм» баспасының iргетасы Кеңес үкiметiнiң тұсында қаланды. Содан берi бiлiм ордаларына оқулықтар шығарып келедi. Əлi де осы бағыт-бағдарды ұстанып келесiздер ме, əлде басқа да əдебиеттер шығарасыздар ма?
– Баспаның аты айтып тұрғанындай, бiздiң негiзгi мақсаты-мыз – балалар бақшасынан бастап, орта, арнаулы орта жəне жоғары бiлiм беретiн оқу орындарына оқулықтар мен көмекшi оқу құралдарын шығару. Бiз əлi де осы бағыт-бағдарды ұстана отырып, басқа да көркем əдебиеттердi басумен айналысып келемiз. Бұл – нарықтың негiзгi шарты.
– Мемлекеттiк тендерге қатысып, сол арқылы тапсырыс-тар қабылдап отырсыздар ма?
– Бiздiң баспа жекешеленiп кеткенiмен, əлi де Мəдениет, ақпарат жəне спорт министрлiгiне тəуелдiмiз. Өйткенi жыл сай-ын министрлiк «Мəдени мұра» бағдарламасы негiзiнде өте зəру кiтаптарға тендер жариялап келедi. Осы тендерге қатысып, шама-шарқымызға қарай өз үлесiмiздi алып келемiз. Мысалы, биыл бiздiң баспадан «Əдеби мемуарлар» деген серия ашылды. Осы серия бойынша əдебиет, мəдениет, өнер, ғылым саласындағы қазақтың бiртуар дарын иелерi – Мұхтар Əуезов, Қажымұқан, Қаныш Сəтбаев, Шəкен Айманов, Нұртас Оңдасынов, Күлəш Байсейiтова, Ғабит Мүсiрепов, Қалижан Бекхожин, Бердiбек Соқпақбаевтар туралы əдеби естелiктер шыға бастады. Олардың алды жарық көрiп, оқырмандардың қолдарына тидi. Сонымен бiрге, Қорғаныс министрлiгiмен де байланыс жасап, олардан да тапсырыс алып тұрамыз. Қазiр олардың екi томдық əскери энциклопедиясын өндiрiске дайындап жатырмыз. Құдай қаласа, жыл соңына дейiн жарық көредi. Мұның көлемi 50 баспа табақ, екi тiлде шығады.
– Өздерiңiз де авторлар тартып, тапсырыс көлемiн ұл-ғайтып отырған боларсыздар?
– Əрине, мiндеттi түрде. Бiз тапсырыстың кез келген түрiнен бас тартпаймыз. Сондай-ақ, олардың тақырып аясына да шектеу қоймаймыз.
– Сонда егер қаржысы табылса, кез келген баспа өнiмiн шығара бересiздер ме, əлде оның сапасына да назар ауда-расыздар ма?
– Егер кез келген кiтапты басып шығара беретiн болсақ, онда бiз несiне отырмыз?! Мысалы, осыдан бiрнеше жыл бұрын өзге дiни ағым өкiлдерi келiп, 30 баспа табақ көлемiндегi дiни уағыз туралы кiтап шығарып берудi өтiндi. Танысып көрсем, ұлттық мүддемiзге, таным-түйсiгiмiзге керi əсер ететiн дүние екен. Мен оны басудан бас тарттым. Сөйтсем, олар: «бiз сiзге кiтап қаржысынан бөлек, 30 мың доллар берейiк» дейдi. «Сосын мен қалай ұйықтауым керек? Елге қай бетiммен қараймын?» деп оларға қарсы сауал тастай жауап бердiм. Мiне, олар маған пара ұсыну арқылы, осы жасқа келгенше iстемеген тiрлiгiмдi iстетiп, ел-жұртқа масқара етпек. Жалпы, сапасы нашар, көркемдiк деңгейi төмен баспа өнiмдерiне қаржысын екi есе төлесе де шығармаймыз. Өйткенi пəлен жылдан берi жинаған абыройды шелектеп төккiмiз келмейдi.
– Қазақстанда жекешеленбеген баспа қалмады. Бас-пагер ретiнде «осылардың барлығы халық сұранысын қанағаттандырып отыр» дей аласыз ба?
– Алғашқы сауалыңызға келсек, елiмiзде əлi жекешеленбе-ген үш баспа бар. Оның бiрi – күнi кеше Астана қаласында ашылған «Елорда» мен «Аударма» баспалары жəне кеңес кезi-нен берi бiзге əрiптес болып келе жатқан «Мектеп» баспасы. Ал «осылардың барлығы халық сұранысын қанағаттандырып отыр ма?» дегенге келер болсақ, «иə» деп мүлдем айта алмай-мын. Осы бiз отырған 6 қабатты ғимаратта ежелден келе жатқан оннан астам баспа бар. Айталық, «Жазушы», «Жалын», «Балау-са», «Өнер», «Қайнар», «Ана тiлi» деген сияқты. Осылардан басқа, ел-жұртқа беймəлiм тағы баспасымақтар бар сыңайлы. Олардың қалтасында мөрi, аузында «Мен пəлен деген баспаның директорымын» деген сөзi бар. Ал ендi ол баспаның ең болмаса қолжазбаның мұртын басып, тiгiсiн жатқызып оқитын я редак-торы жоқ, əрiптiң шаңын қағатын я корректоры жоқ. Құдайым-ау, төрт адаммен баспа ашуға болады ма? Оның бiрi – директор, бiрi – шопыр, бiрi – бухгалтер, ендi бiрi – терiмшi. Егер сiз бiр қолжазбаны алып келсеңiз болды, сiзден қабылдап алады да, өндiрiспен келiсiп, типографиядан шығарып бередi. Сөйтедi де арасындағы айырма қаржыны қалтасына басады. Бұл адамдар баспа iсiн күнкөрiс қамына, яғни кəсiпке айналдырып алған. Бiздiң жөнiмiз бөлек. Бiз сонау кеңес заманынан берi қызмет етiп келе жатқан атына заты сай баспамыз ғой. Сондықтан əуелi ел алдындағы абыройымызды ойлаймыз.
– Iлгерiде кiтаптар сауатты шығып тұратын. Əрбiр баспа өнiмiнде оның редакторы, техникалық редакторы, суретшiсi, корректоры дегендер болушы едi. Қазiр кей баспа-ларда жаңа өзiңiз айтып өткендей, корректор атаулы жоқ. Сондықтан ба кей кiтаптардағы қателерден көз сүрiнедi. Осындай сауатсыздықтан арылудың жолы бар ма?
– Оның жолын iздеп, бас қатырудың қажетi жоқ. Егер шы-ғарып отырған баспа өнiмдерiнiң сапасы нашар, безендiрiлу деңгейi төмен, əрiп қателерi көп болса, ондай баспаларға мем-лекеттiк тапсырыс бермек түгiлi, тендерлерге қатыстырмау керек. Əйтпесе соңғы жылдары аты бар да заты жоқ беймəлiм баспалар тендерден 600 – 700 баспа табақ кiтаптарды алып кетiп жатады. «Бұл кiм едi?» деймiз басымызды шайқап. Оларды танымаймыз да. Мен өмiр бойы осы салада жүрген адаммын ғой. Тiптi, тендерге əлi тiркелiп үлгермеген баспалар қатысып, «бармақ басты, көз қысты» əдiсiмен бiрнеше атаулы кiтаптарды алып кетiп жатады. Мысалы, бiз биылға сегiз-ақ кiтап алдық. Тiптi, екi-ақ кiтап алған баспалар бар.
– Сонда жыл сайын тендерге неше баспа қатысады?
– Егер Қазақстанда 200-ден аса баспа бар десек, соның 100-ге жуығы осы Алматы қаласында орналасқан екен. Жалпы, жылына əлгi тендерге 40 – 50 баспа қатысып тұрады.
– Өздерiңiз де авторлар тартып, тапсырыс көлемiн ұл-ғайтып отырған боларсыздар?
– Əрине, онсыз бола ма?! Бiз қазiр нарық кезеңiнде өмiр сүрiп жатырмыз. «Алма пiс, аузыма түс» деп жата берсек, бiзге дайын асты кiм əкелiп бередi? Сондықтан қолда бар мүмкiншiлiктiң бəрiн пайдаланып, қалай да авторларды тартуға тырысамыз. Мысалы, қазiр менiң алдымда медициналық орта жəне жоғары оқу орындарына арналған «Тəнтану» яғни «Адам анатомиясы» деген оқу құралы жатыр. Бұл құнды оқулықтың авторы – танымал физиолог, жантанушы, анатом, биолог, профессор, медицина саласында алдына жан салмайтын белгiр маман. Осы басы-лымды шығару үшiн автор он жыл бойы Бiлiм жəне Ғылым, Денсаулық, Мəдениет, ақпарат жəне спорт министрлiктерiн жағалаған. Кiрмеген есiгi қалмаған. Медицинаның болашақ мамандары үшiн өте қажеттi-ақ кiтап. Бiрақ ешкiм баспаған. Мұның алғашқы басылымын да «Рауан» баспасында жүргенде мен шығарып едiм. Кiтаптың құндылығын көре-бiле отырып баспауға арым жiбермедi. Сосын мұрындық болдым. Сөйтсем, автор басылым соңында маған алғысын бiлдiрiптi. Осы кiтаптың жарыққа шығуына бiздiң қоржыннан 2 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалып отыр. Соған қарамастан ертең кiтаптың саты-лымынан авторға қаламақы төлейiн деп отырмын. Жалпы, бiз былтырдан бастап, барлық авторларға қаламақы төлеп келемiз. Мұның бəрi – өзiмiзге авторлар тартудың бiр шарасы.
– Жылына орта есеппен неше кiтап шығарасыздар? Басқа баспалармен салыстыра отырып айта аласыз ба?
– Өткен жылы «Бiлiм» баспасынан 50-ге тарта кiтап шықса, биылдың өзiнде 60 кiтап шығарып үлгердiк. Құдай қаласа, жыл соңына дейiн тағы да он кiтап, сiрə, шығаратын болуымыз ке-рек. Бұл – iлгерiлеудiң нышаны. Оның үстiне, бiздiң халықтың əл-аухатының жақсара бастағандығының белгiсi. Өйткенi елдiң қалтасы кiтап сатып алуды көтере бастады. Тағы бiр айта кететiн жайт, өзге баспаларға қарағанда бiздiң баспаның жеке шағын баспаханасы бар. Бұл баспа техникасы басылымның бағасын төмендетуге əрi шығару мерзiмiн жылдамдатуға игi əсерiн тигiзедi.
– ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде дəрiс оқып жүрсiз. Болашақ баспагерлердi дайындауда қандай жетiс-тiктер мен кедергiлер бар деп ойлайсыз?
– ҚазҰУ – киелi орда, қара шаңырақ. Осы бiлiм ошағында хал-қадiрiмше шəкiрт тəрбиелеуге ат салысып келемiн. Кейде өзге оқу орындарындағы журналистика бөлiмi дəрiс оқуға немесе кездесуге шақырып жатады. Сонда салыстыра отырып қарасаң, ҚазҰУ-дың орны да, жөнi де бөлек. Мұнда студенттердiң те-рең бiлiм, тəлiмдi тəрбие алуына барлық жағдай жасалған. Кi-тапхана, оқу залдарын айтпаған күннiң өзiнде, факультеттiң өз радио, теле, фотостудиялары, баспаханасы, баспа лаборато-риясы бар. Онда студент өзiнiң жазған қолжазбасын кiтап етiп шығаруға дейiнгi процеске қатыса алады.
– Осы факультеттiң студенттерi төл туындыларынан тұ-ратын ұжымдық жинақ шығарғанынан хабарымыз бар.
– Осындай жинақтарды бiз бес жылдан берi шығарып келемiз. Тырнақалды туындылары жинаққа енiп, суретiмен бiр-ге жарыққа шыққандығы бiрiншiден, студенттердi қанаттандыр-са, екiншiден, осы кiтаптың жарыққа шығуына олардың өзi тiкелей қатысады. Сабақ алады. Бұл – тəжiрибенiң көкесi. Осының бəрi жетiстiк емей, немене?!
– Əңгiмеңiзге рақмет.