Жарты жыл комада жатқан сарбаз жағдайы жақсармаса да, ауруханадан шығарылды

19 Тамыз, 10:24 2124

Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтардың жағдайы жақсармаса да, ауруханадан шығарылды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер Ербаянның жағдайы мүшкіл екенін және кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін айтады. 

Себебі ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумендер алуы керек.

Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын төлей алмай отыр.

Онымен қоса, Ербаян Мұхтарға мүгедектік тағайындалмаған, себебі сот процесі аяқталған жоқ. Жақындары оның жағдайы қауырт екенін дәлелдей алмай отыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: