Жартасқа өрмелеуші Амир Маймұратов әлем кубогінде «күміске» қол жеткізді
4 Қазан, 23:41561
Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 4 қазанда «жылдамдық» бойынша жарыстың финалы болып өтті.
Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды.
Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды.