Жарқайың ауданында 60 жастағы шопан құтқарылды

17 Сәуір, 03:05 830

Ақмола облысы Жарқайың ауданында 60 жастағы шопан құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, ер адам Есіл өзенінің жанындағы фазенданың бірінде қалып қойған. Су басу аймағына Ақмола жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен аудандық ТЖБ қызметкерлері жеткен. Олар шопанға дер кезінде қайықпен жетіп, құтқару жұмыстарын жүргізген. Ер адамға медициналық көмек қажет болмапты. 

 
Зарина Арман
Бөлісу: