ЖАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ

26 Наурыз 2014, 09:03

Жарлық құжаттары. 3 бөлім.

БҰЙРЫҚ

 

алғыс туралы бұйрық

- приказ о благодарности

ақшалай сыйлық беру туралы

- о денежнем вознаграждении

атқаратын қызметінен босатылсын

- освободить от занимаемой должности

әдістемелік және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу мақсатында

- в целях организации и проведения методической и практической работы

әрбір мұрағат сақтау жөніндегі құжаттар жеке есепке алынсын

- осуществлять учет документов отдельно по каждому архивохранилищу

... баласының тууына байланысты ... материалдық көмек көрсетілсін

- оказать материальную помощь ... в связи с рождением ребенка

басқа жұмысқа ауыстырылсын

- переводить на другую работу

басқа жұмысқа ауысуына байланысты

- в связи с переходом на другую работу

ведомстволық мұрағатқа құжаттарды уақытында өткізу мақсатында

- с целью своевременной передачи документов в ведомственный архив

денсаулығына байланысты

- в связи со здоровьем

еңбекақы төлеу қорын үнемдеу есебінен

- за счет экономии фонда оплаты труда

есептік құжаттарды пайдалануға рұқсат беру туралы бұйрық

- приказ о доступе к учетным документам

зейнеткерлікке шығуына байланысты

- в связи с уходом на пенсию

кадрлармен жұмыс кезіндегі салғырттығы үшін

- за упущения в работе с кадрами

кезектен тыс демалыс беру туралы

- о внеочередном отпуске

қаржы бөлінсін

- выделить средства

қол қойылған күнінен бастап

- со дня подписания

қосымша мүмкіндіктер қаралсын

- рассмотреть дополнительные возможности

ҚР Заңның 15-бабына сәйкес

- согласно ст. №15 закона РК

құжаттардың құндылығын алдын ала сараптау жөніндегі жұмыстар

- работа по предварительной экспертизе ценности документов

құрылымдық бөлімшелерде іс жүргізу мақсатында

- в целях ведении делопроизводства в структурных подразделениях

орынбасарға жүктелсін

- возложить на заместителя

орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын

- контроль за исполнением оставляю за собой

 

БҰЙРЫҚ

Үлгі 3.

 

Еңбек демалысына

жіберу туралы

 

2007 жылдағы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне және 2012 жылғы еңбек демалысының кестесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

Әкімшілік-басқару бөлімінің менеджер-үйлестірушісі Серік Асылұлы Асанов 2011 жылдың 23 маусымынан 2012 жылдың 25 мамыры аралығында жұмыс істеген кезеңі бойынша 2012 жылдың 28 мамырынан 2012 жылдың               27 маусымына дейін кезекті ақылы еңбек демалысына жіберілсін.

Бас бухгалтер Р.Қ.Кенженова 30 күнтізбелік күніне демалыс ақысын төлесін.

 

Негізі: С.А. Асановтың өтініші.

 

 

Директор                                                                    

 

Таратылуы: есеп бөлімі

 

Бұйрықпен таныстым:

Р.Қ.Кенженова

 

             

 

 

              Орынд.:

тел:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлгі 4.

 

Еңбек демалысынан

шақырту туралы

 

            2007 жылғы 15 мамырдағы №252-III Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 109 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

            2012 жылғы 13 наурызынан  талдау және ұйымдастыру бөлімінің сарапшысы Айман Сардарқызы Имашты өндірістік еңбек қажеттілігіне байланысты қызметкердің жазбаша келісімі бойынша кезекті еңбек демалысынан шақыртылсын.

      

Директор 

 

Таратылуы: есеп бөлімі

Бұйрықпен таныстым:

 

 

             Орынд.:

тел:

 

 

Үлгі 6.

Ауыстыру  туралы

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 41-бабының 1-тармағына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

 

2012 жылдың 17 қаңтарынан  ономастика бөлімінің бастығы Зейнеп Балташқызы Төлегенованың декреттік демалыстан келуіне байланысты бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы Әлмира Ержанқызы Дамешова   ономастика бөлімінің бас маман лауазымына ауыстырылсын. Штаттық кестеге сәйкес 85 000 (сексенн бес мың) теңге көлемінде еңбекақы төленсін.

 

Негізі:   Ә.Е. Дамешованың   келісімі.

 

 

                 Директор                                                            

 

         Таратылуы: есеп бөлімі

         Бұйрықпен таныстым:

 

 

             Орынд.:

тел:

 

 

Үлгі 7.

Жанар-жағар май

шығындары туралы

 

            2009 жылғы 05 қаңтардан бастап ай сайын жанар-жағар май шығындарын төмендегі автокөлік түрлеріне қарай бөлінсін:

 

  1. «Мазда -626» мемлекеттік нөмірі Z 857 AA автокөлігіне -875 литр;
  2. «Опель» мемлекеттік нөмірі Z 553 AA автокөлігіне -875 литр;
  3. «Газель» мемлекеттік нөмірі Z 291 AA автокөлігіне -100 литр

 

  1. Жанар-жағар май шығындарын есептеу бас бухгалтер Г.Қ.Әбілдинаға жүктелсін.

 

 

       Директор

                                                                  

Таратылуы: есеп бөлімі

Бұйрықпен таныстым

 

 

 

            Орынд.:

тел:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлгі 5.

Декреттік демалыс

туралы

 

2007 жылғы 15 мамырдағы №252-III Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 66 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

         2012 жылдың 20 шілдеден бастап маман Қарлығаш  Айтбайқызы Байтемірдің жүктілігіне және босануына байланысты   декреттік демалысқа жіберілсін.

          Негізі: Қ.А.Байтемірдің өтініші

 

Директор                                                                                       

Таратылуы: есеп бөлімі

Бұйрықпен таныстым:

 

 

 

            Орынд.:

тел:

 

 

Үлгі 8.

 

Баланстық есептен

шығару туралы

 

            «ADI COM» ЖК фирмасының келісімімен қолданысқа жарамсыз деп танылған төмендегі заттар арнайы комиссия құрылып есептен шығарылсын және баланстан алынсын.

            - «Samsung» бейнекамерасы;

            -  NC Everio 65EZ - бейнекамерасы;

            - «Canon» цифрлы фотоаппараты.

 

2.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары        А.А.Бекежановқа, бас есепші М.М.Инаға  жүктелсін.

 

 

Директор                                                                            

 

Бұйрықпен таныстым:        

 

 

             Орынд.:

тел:

 

 

Үлгі 9.

 

Бухгалтерлік есеп

жүргізу туралы

 

            «Бухгалтерлік есеп жүргізудің ережелерін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы №221 бұйрығына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

 

            1. 2009 жылдың 4-7 қарашасы аралығында негізгі құралдарды түгендеудің жыдық жоспарлы жұмыстары жүргізілсін.

          2. Негізгі құралдарды түгендеуге және бақылау жүргізуге төмендегі тізім бойынша комиссия мүшелері тағайындалсын:

комиссия төрағасы –Б.А.Досжанов

мүшелері – Г.О. Тина (бас есепші), Р.Тағаев (бағдарламашы)

 

3.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары        Б.А.Досжановқа жүктелсін.

 

 

     Директор                                                                       

 

       Бұйрықпен таныстым:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Үлгі 10.

 

Материалдық  көмек

туралы

 

            Отбасы  жағдайына  байланысты   сарапшы Баршын Қыдырқызы Әбілдинаға 60 000 (алпыс мың) теңге көлемінде материалдық көмек берілсін.

 

            Қаржылық есептеу бас есепші  Г.Т. Басинаға жүктелсін.

 

            Негізі: Б.Қ. Әбілдинаның  өтініші.

 

 

Директор                                                               

           

Таратылуы: есеп бөлімі

Бұйрықпен таныстым:

 

 

 

 

 

Үлгі 11.

Үстемақы төлеу

туралы

 

 

         2011 жылдың қаңтар айынан қызметкерлердің негізгі жалақысына ғылыми атақ, дәрежесіне байланысты 20% пайыздық мөлшерде үстемақы қосылып есептелсін және жыл бойына төленсін.

 

Қаржылық есептеу бас бухгалтер Р.Қ. Кенженоваға жүктелсін.

 

 

         Директор                                                              

 

Таратылуы: есеп бөлімі

Бұйрықпен таныстым:

       

 

 

Үлгі 12.

Іссапарға  жіберу

туралы

 

         Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Ғ.Әбдірахымовтың 2011 жылғы 27 шілдедегі №20-50/4094 тапсырмасына орай Тіл комитеті тарапынан мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жұмыс сапасын жан-жақты тексеру мақсатында 2011 жылдың 10-19 тамызы аралығында Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізу үшін оқу-әдістемелік бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жазира Бимаханқызы Нұрмаханова іссапарға жіберілсін.

         Бас бухгалтер А.Ғ. Ибраеваға  іссапар шығындарын есептеу жүктелсін.

 

 

Директор                                                                    

 

Таратылуы: есеп бөлімі

Бұйрықпен таныстым:

 

            А.Ғ. Ибраева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Үлгі 13.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес заңнамасын сақтау жөнінде

шара қабылдау туралы

 

 

         ...........................................................................................................................сәйкес, _____________________________________________

                                     (мекеменің атауы)

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шаралары орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 

 

         1. ________________________________________________ бөлімі _________________________________________________бөлімімен бірлесіп:

         1) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаларды бос лауазым орнына қабылдауды болдырмау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

         2) жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша жиналыс өткізуді ұйымдастырсын.

         2. _____________________________________________ басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шұғыл және толық шаралар қабылдасын;

         2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес фактілері бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізсін.

         3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау _________________________ орынбасары __________________________ жүктелсін.

 

 

Мекеме басшысы                                                                        аты-жөні 

 

Үлгі 14.

 

Қызметтік тексеру

жүргізу туралы

         ..........................................................................................................................тәртіптік жаза қолдану ережесінің ....-тарауының .....-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

         1. _______________________________________________________

(мекеменің толық атауы)

______________________________________________________________

(бөлімнің толық атауы)

 

______________________________________________________________

(тексерілетін мекеменің толық атауы)

______________________________________________________________

(қызметкердің лауазымы, аты-жөні, тегі)

 

еңбек тәртібін бұзу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізсін.

         2. Қызметтік тексеру жүргізу кезеңінде _________________________

                                                                                     (қызметкердің аты-жөні, тегі)

______________________________________________________________

(жұмыс істейтін мекемесінің толық атауы)

______________________________________________________________

(қызметкердің лауазымы)

 

міндетін атқарудан уақытша шеттетілсін.

         3. _________________________________________________________

(жұмыс істейтін мекемесінің толық атауы, лауазымы)

 

міндетін атқару ___________________________________________________

                           (жұмыс істейтін мекемесінің толық атауы)

______________________________________________________ жүктелсін.

(қызметкердің лауазымы, аты-жөні, тегі)

        

 

Мекеме басшысы                                                             аты-жөні

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

Бөлісу: